Педагогикалық кеңес барысында жаңа оқу жылына дайындық, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, педагогтердің міндеттері мен алдағы оқу жылына арналған жұмыс жоспарлары талқыланды.
Жиын барысында білім беру сапасын арттыру, оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету және педагогикалық ұжымның бірлескен жұмысын жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жаңа оқу жылы жаңа жетістіктерге, толағай табыстарға бастасын!
Барша ұстаздарға шығармашылық шабыт, кәсіби жетістік және жемісті еңбек тілейміз!

▲