«Қазақстан Республикасының Конституциясы: адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында Білім күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік жиында оқушыларға жаңа оқу жылына ақжолтай тілектер айтылып, білімнің, елжандылықтың және азаматтық жауапкершіліктің маңызы дәріптелді. Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасып, оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. 🇰🇿✨

Жаңа оқу жылы баршаға сәттілік, жаңа жетістіктер мен жарқын мүмкіндіктер әкелсін!

Білім күні құтты болсын! 📖🤍

▲